http://www.invost.kz Tue, 16 Jan 2018 08:23:04 +0600 60
Көшім Лекерұлы Есмағамбетов (1938–2016)
http://www.invost.kz/kz/announce/news/920/
Көшім Лекерұлы Есмағамбетов

(1938–2016)

Көшім Лекерұлы Есмағамбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1965 жылы П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тарихшы және ағылшын тілінің аудармашысы мамандықтары бойынша үздік бітірді.

К.Л. Есмағамбетовтың жемісті ғылыми еңбегі Үкімет тарапынан елеусіз қалмай, көптеген жоғары дәрежеде бағаланып отырды: К. Л. Есмағамбетов «Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астана – 10 жыл» (2008) медальдерімен және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2008) белгісімен марапатталған.

Көшім Лекерұлы өз мектебін қалыптастырған ұстаз, ғылыми жетекшілігінде 13 ғылым кандидаты, 9 ғылым докторы даярланды. Ол 31 кітап, 200-ден аса ғылыми мақала жариялады.

Көшім Лекерұлының Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі отандық тарихымыздың жарқын беттерінде бай мұра болып, келер ұрпақтың танымдық тұғырына айналары сөзсіз.

Tue, 16 Jan 2018 08:23:04 +0600
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
http://www.invost.kz/kz/announce/news/836/ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары ассоциациясы және «Тұран» университетімен бірлесе отырып 2013 жылдың 25-26 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстандағы ислам ілімі мен мәдениеті дамуының 12 ғасыры» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Tue, 16 Jan 2018 08:23:04 +0600